г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости «ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесіндегі қатысуының ашықтығы мен қолжетімділігі тетіктерін енгізу» жобасының нәтіжелері

«ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесіндегі қатысуының ашықтығы мен қолжетімділігі тетіктерін енгізу» жобасының нәтіжелері

Құрметті әріптестер, серіктестер, достар!

2021 жылдың тамыз айынан бастап «ЗУБР» Консалтинг-орталығы «ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесіндегі қатысуының ашықтығы мен қолжетімділігі тетіктерін енгізу» жобасымен жұмыс істеді. Жобалық жұмыс өз мәресіне жетті.

Бұл жоба аясында біз неге қол жеткіздік?

МӘТ жүйесінің қатысушылары мен басқа да мүдделі тараптар арасында кеңінен талқылаулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар жаңадан енгізілетін құқықтық актілерді іске асырудың ықтимал салдарларына бірлесіп талдау жүргізді.

МӘТ жүйесіндегі өзгерістерді ресми бекіту және ілгерілету бойынша компаниялардың бірлескен эдвокасиі жүзеге асырылды.

Жобалық топ МӘТ саласындағы әдістемелік ұсынымдар пакетін және МӘТ жүзеге асырудың озық тәжірибелерін енгізудің бастамашысы және құрастырушысы болып табылады. Құрастырылған құжаттар нақты алгоритмді — МӘТ қатысушылар әрекетінің реттілігін сипаттайды, қолданыстағы заңнамаға нұсқаулық ретінде түсіндірме қызметін атқарады.

МӘТ жүйесінің қатысушыларының әлеуеті күшейтілді, атап айтқанда енгізілетін нұсқаулықтарды қолдану күшейтілді. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған 8 оқытушылық іс-шарлар жүргізілді. Семинарлар мемлекеттік орган қызметкерлерінің МӘТ аясында ҮЕҰ-мен жобалық ынтымақтастығы саласындағы құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Әсіресе, техникалық сипаттамаларды құрастыру мәселелері, МӘТ аясында жобаларды бағалау және бақылауды жүргізу мәселелері қарастырылды. Семинар аясында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша бұйрыққа қатысты түсіндірмелер берілді. ҚР қаржы министрлігі 9 маусымда Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша бұйрығын, МӘТ конкурстық рәсімдерін регламенттеу бөлімін қабылданғанын еске сала кетейік.   Қабылданған нормалар МӘТ тиімділігін арттыруға және конкурстық рәсімдерге шағымданулардың және өткізілмеген конкурстардың азаюына ықпал етеді.   

Жобаның аяқталғанын, бірақ бұл бағыттағы жұмыстың аяқталмағандығын атап өткім келеді. Тәжірибе көрсеткендей аймақтарда ҮЕҰ өкілдеріне де және де мемлекеттік қызметкерлерге де ақпараттық-әдістемелік жұмыс және кәсіби-кеңес берушілік қолдау қажет. Өз тарапымнан біз аталған қызметті жалғастыратынымызды айтып өтейін және оған барлық мүдделі тараптар белсенді қатысады деп үміттенеміз.

Бұл басылым АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көрсеткен көмегі арқасында мүмкін болды. «ЗУБР» Консалтинг орталығы басылымның мазмұнына жауапкершілік алады, ол USAID немесе АҚШ үкіметінің ұстанымын білдіре бермеуі мүмкін. 

Related Post

Зарубежный опыт стандартизации услуг – что в хозяйстве пригодиться?Зарубежный опыт стандартизации услуг – что в хозяйстве пригодиться?

Кто задает моду на стандарты услуг НПО? Чьи стандарты обеспечивают наивысшее качество этих услуг?         История развития третьего сектора насчитывает более 1,5 века. Сегодня неправительственные организации стали

Приглашаем принять участие в Обучающей программе в г.СемейПриглашаем принять участие в Обучающей программе в г.Семей

Гражданский (ресурсный) центр ВКО (СКФ «ЗУБР») и ЧФ «ТРИНТА» приглашают Вас и Ваших коллег принять участие в мероприятиях, которые пройдут 19-20 июля 2018г. в г.Семей: — Семинар «МЫ – КАЗАХСТАНЦЫ!» (ЧФ

Семинар «Разработка технической спецификации и определение стоимости социального проекта (в рамках ГСЗ)»Семинар «Разработка технической спецификации и определение стоимости социального проекта (в рамках ГСЗ)»

Проект «Внедрение механизмов прозрачности и доступности участия НПО в системе госсоцзаказа» реализуется при поддержке Фонда Евразия в рамках программы «Социальные инновации в Центральной Азии», финансируемой Агентством США по международному развитию