г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қамтамасыз ету

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қамтамасыз ету

«ЗУБР» консалтинг орталығы ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам комитетінің тапсырысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыруға кірісті.

 

Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінде тұтастай алғанда жүйе ретінде, мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігі мен олардың кәсіби құзыреті маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ең маңызды факторлардың бірі мемлекеттік қызметшілерді сапалы дайындау болып табылады.

«Үкіметтік емес сектордың өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызметшілерге не бере алады?» деген сұрақ туындайды.

 

Ал біздің жобамызда кәсіби шеберліктің деңгейін жоғарылатудың практикадан бөлек тұрған теориялық көзқарастардан мақсатты түрде алшақтаймыз. Оқу үрдісінің ерекшелігі — бұл іс-шараға қатысушылар лекция тыңдаушылары емес, оқудың ең басынан бастап практикалық жұмысқа тартылатындығы болады.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс — мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімді механизмі ретінде» атты алғашқы пилоттық тренинг Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлерінің  20 өкілі үшін өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметімен мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға, сондай-ақ ҮЕҰ секторына көшіру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.

Осылайша, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бір функцияны беруді дайындады — бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, кеңес беру, әдістемелік көмек беру болып табылады.

Жоба командасының байланыстары:

Өскемен қаласы

«ЗУБР» консалтингтік орталығы

Zubr.ukg@gmail.com

8 7232 51 33 88

 

Васильева Наталья

Related Post

Повторный конкурс на предоставление государственных грантов для НПОПовторный конкурс на предоставление государственных грантов для НПО

   Некоммерческое акционерное общество «Центр поддержки гражданских инициатив» (далее Центр) является оператором в сфере грантового финансирования неправительственных организаций.       Согласно Закону Республики Казахстан от 12 апреля 2005  года

Рабочая встречаРабочая встреча

     Консалтинг-Центр «ЗУБР» в рамках проекта «Осуществление мониторинга реализации государственного социального заказа в Центральном и Восточном регионе (г. Нур-Султан, г. Алматы, Карагандинская и Восточно-Казахстанская области) на 2019 год» по

Гражданским инициативам быть!Гражданским инициативам быть!

В период с 16 по 27 июня на территории Восточного Казахстана специалисты Социального корпоративного фонда «ЗУБР» проводили Школу.  Школу, где обучали навыкам гражданских специалистов.  Школу, где каждый, кто считает себя