г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы. Әдістемелік орталық өз жұмысын бастайды

Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы. Әдістемелік орталық өз жұмысын бастайды

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры негізінде ағымдағы жыл бойы қазақстандық сәйкестік пен  ұлтаралық келісімді нығайту және қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-оқыту кампаниясын қарастыратын Әдістемелік орталық әрекет ететін болады (жоба «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылады).

 Аталмыш жоба аясында ұлтаралық келісім мен бірлік мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік беретін  іс-шаралар кешені қарастырылған.

 Ақпараттық-оқыту кампаниясы аясында «Азаматтық бастамалар мектебі: шығу тегі түрлі, мүмкіндіктері бір»  семинар-тренингтері, Шығармалық зертханалары мен Қоғамдық пікірталастар, әлеуметтік желілерде өзін қауіпсіз ұстау мәселелері бойынша ТжКББ  мекемелері мен ЖОО студенттерінің қатысуымен түрлі кездесулер қарастырылған. Іс-шаралардың өткізілу мерзімі қосымша хабарланып отырылады.

 Жобаның екінші құрамдасы, ақпараттық-әдістемелік бөлім бейнесабақтар, қалта анықтамалықтарын, әлеуметтік шиеленістерді реттеуге бағытталған жадынамаларды, тақырыптық PR-өнімдерді, жастар және тұрғындармен жұмыс істеуге үйрететін түрлі әдістемелік материалдарды шығару  мен жоба барысы туралы мақалалар жазуды қарастырады.

Жобаның іс-шараларына қатысу үшін мемлекеттік сала, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйлері, ҮЕҰ, жастар орталықтары, Қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары шақырылады. 

Жобаға қатысуға ниет білдіргендер «ЗУБР» әлеуметтік корпортаивтік қорының кеңсесіне Кнауб Екатеринаға хабарласа алады:   телефоны 8 (7232) 51-33-88 немесе электрондық поштасы zubr-kz@mail.ru.

2

Related Post

Международные примеры формализации процессов взаимодействия между государством и НПОМеждународные примеры формализации процессов взаимодействия между государством и НПО

В мире становится все более ощутимым официальное признание роли гражданского общества в развитии демократии. Подтверждает это тот факт, что правительства многих стран приняли соответствующие официальные документы. Как правило, такие документы

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СОЦИАЛЬНЫЙ ЗАКАЗ: ЗАЧЕМ И ДЛЯ КОГО?ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СОЦИАЛЬНЫЙ ЗАКАЗ: ЗАЧЕМ И ДЛЯ КОГО?

     В Казахстане в настоящее время реализуется множество программ, направленных на повышение качества жизни населения. НПО при этом выступают своего рода посредниками между государством и обществом, реализуя запланированные правительством

Әлеуметтік маңызды жобаларды тиімді іске асыру мониторингіӘлеуметтік маңызды жобаларды тиімді іске асыру мониторингі

«ЗУБР»Консалтинг орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің тапсырысы бойынша «2019 жылға арналған орталық және шығыс аймақта (Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Қарағанды және Шығыс Қазақстан